Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
06.12.2016

Индонезия Парламентінің делегациясы Мәжіліске келді


Астана, 6 желтоқсан. Мәжіліс Үйі.

Бүгін Мәжіліске Индонезия Парламентінің Тегу Джуварно бастаған делегациясы  келді.

Әріптестерін Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Меруерт Қазбекова бастаған бір топ депутат қарсы алды.

Тараптар парламенттік ынтымақтастық бағыттарын одан әрі екі жақты байланыстыра берудің жан-жақты форматын қалыптастыруға мүдделілік танытты. 

Мәжілісмендер Қазақстан мен Индонезия арасындағы ынтымақтастық «жасыл экономика», қуат көздерін жандандыру мен таза технологияларды дамыту мәселелеріне жол ашатынын айтты.

Екі ел арасындағы қарқынды қарым-қатынасқа баға бере келе парламентшілер ынтымақтастықтың жандана түсуіне атсалысуға ықылас білдірді. 

 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі