Астана, 8 желтоқсан. Мәжіліс Үйі.
Ертең, жұма күні 9 желтоқсанда Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша дөңгелек үстел өткізіледі. (Конференц-зал, 15-00-де)
Модераторы – депутат Бижанова Гүлнәр Қадіржанқызы.
Дөңгелек үстелдің жұмысын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров бастайды.
Құжатпен Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Эльвира Әзімова таныстырады.
Заң жобасының негізгі мақсаты – зияткерлік меншік объектілерін тіркеуді және сараптама жамау рәсімдерін оңайлату, дауларды сот дейінгі реттеуді және құқық иелерінің бұзылған құқықтарын қорғау амаладарын кеңейту.
Дөңгелек үстел жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өкілдері, бизнес, мүліктік құқықты ұжымдық негізде басқару бойынша ұйымдардың өкілдері, патенттік сенім білдірген өкілдер, Германия, Франция, Еуропалық одақтың, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының, Еуразиялық патенттік ұйымы Еуразиялық патенттік мекемесінің, Еуразиялық экономикалық комиссияның сарапшылары шақырылды.
(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі