Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
09.12.2016

Мәжілістің Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды


Астана. 9 желтоқсан. Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелеріне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қарайды деп күтілуде. Заң жобасының мақсаты – азаматтық авиация және әуе кеңістігін пайдалану саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру.

                Сонымен қатар, бәсекелестік мәселелері бойынша түзетулер екінші оқылымда қаралмақ. Және осы күні Иранмен сотталған адамдарды беру туралы  келісімді ратификациялау туралы заң жобасы назарға алынады.

                Сондай-ақ, Палата Түркиямен арнайы мақсаттағы бөлімшелердің оқу-жаттығуларын өткізу кезінде қабылдаушы Тараптың қолдау көрсетуі туралы өзара түсіністік туралы үкіметаралық меморандумды ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа қабылдайды.

         

 

 (Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі