Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
09.12.2016

Нұротандық депутаттар «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуын талқылайды


Астана, 9 желтоқсан. Мәжіліс Үй.

Дүйсенбі, 12 желтоқсан күні «Нұр Отан» партиясының фракциясы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының өңірлерде (Астана мен Алматы қалаларында) жүзеге асыруын қарайды. (15-00, а-309 каб.)

 

«Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың және бюджеттік қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылау жүргізу бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясының фракциялары жанындағы «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту және тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» бағыты бойынша комиссиясының отырысы  өтеді.

 

Жиналыста «Бәйтерек» ҰБ холдингінің басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарходжаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов, Алматының Энергетика және коммуналдық шаруашылық Басқармасының басшысы Ермек Үсенбаев сөз сөйлейтіні күтілуде.

 

Отырысқа «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының, мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылды.

 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі