Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
12.12.2016

Нұротандық депутаттар «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша комиссия отырысын өткізді


Астана, 12 желтоқсан. Мәжіліс Үй.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясының фракциясы жанындағы «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» бағыты бойынша комиссияның «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасының өңірлерде (Астана және Алматы қалаларында) іске асырылу барысы туралы» деген тақырыпта отырыс өткізді.

Басқосуды Комиссия төрағасы Берік Оспанов жүргізді.

Іс-шараға  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының өкілдері қатысты.

Комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс істері және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы комитетінің төрағасы М.Ж.Жайымбетов өз баяндамасында: Ұлттық экономика министрлігі «тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту» бағыты бойынша бюджеттік бағдарламаның әкімшісі. Сондай-ақ Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қолдауымен құрылған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «тұрғын үй инфрақұрылымын күшейту» бағытына мониторингі жүргізетінін хабарлады.  

Комитет төрағасы  «құрылыс көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 6,5%-ға өскен, бұл мемлекеттік және салалық бағдарламала аясында инфрақұрылым мен тұрғын үйлердің ауқымды құрылысына байланысты. 

Барлық көздер есебінен қолданысқа берілген тұрғын үй қаңтар-қазан айларында 14,2%-ға артқан(8,0 млн.шаршы метрге дейін). Қолданысқа берілген көп пәтерлі тұрғын үй көлемі 24,6%-ға(4,0 млн.шаршы метрге дейін), жеке тұрғын үй құрылысы –5,7%-ға(4,0 млн.шаршы метрге дейін) ұлғайған.

«Нұр Отан» партиясының платформасына сәйкес қазіргі уақытта тұрғын үй саясаты жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйді дамытуды көздейді.

Астана қаласының әкімдігіне 47,9 мың шаршы метр (905 пәтер)кредиттік тұрғын үй салуға 8,6 млрд. теңге бөлінген.

                2016-шы жылы 1,7 млрд. теңге бөлінді. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 1,66 млрд. теңге игерілген.

                Алматы қаласының әкімдігіне 39,5мың шаршы метр (605 пәтер)кредиттік тұрғын үй салуға 7,1 млрд. теңгебөлінген.

                2016 жылы 2,9 млрд. теңге. Биылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 1729,2 млрд. теңге игерілген.

Жобалардың биыл тамыз-қыркүйектен бастап іске асырылуына байланысты тұрғын үй объектілерінің басым бөлігін  2017 жылы іске қосу жоспарланып отыр.

                Одан басқа, «Самұрық-Қазына» АҚ арқылы коммерциялық тұрғын үй салуға Ұлттық қордан 2016-2017 жылдары 97 млрд. теңге бөлінген, жалпы сомасы 94,6 млрд. теңге (401,8 мың шаршы метр немесе 6743 пәтер)11 жоба мақұлданған, 35,8 млрд. теңге игерілген»,- деп мәлімдеді.

                Жалпы, Мемлекеттік бағдарлама 2015-2016 жылдары экономикалық өсім мен жұмыспен қамтудың негізгі локомотивтерінің бірі болды. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттік және жеке инвестицияларды ұлғайту арқылы бағдарламаны іске асыру құрылыс саласын және экономиканың басқа да салаларын дамытуға ықпал етеді.

Комитет төрағасымен қатар осы отырыста «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасы Төрағасының орынбасары А.С.Омарходжаевтың, «Бәйтерек девелопмент» АҚ басқармасы Төрағасының орынбасары А.А. Өсербаевтың,  Алматы қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Е.О.Үсенбаевтың баяндамалары тыңдалды.  

 

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленді.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі