Астана, 13 желтоқсан, Мәжіліс Үйі.
Бүгін Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев «Парламентшілер ядролық қаруды таратпау және қарусыздану жолында» Парламенттік бірлестігінің Ғаламдық үйлестірушісі Алинэ Варэмен кездесті.
Бейбітшілік сақтаушы әңгіме барысында жас тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін тізбелеп айта келіп, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қарусызданудың ғаламдық жолындағы көшбасшы деп танитындығын атап өтті. Дүниежүзілік парламенттік ұйым Қазақстанның барлық әсіресе, аталған саладағы бастамаларын қолдайтындықтарын білдірді.
Тараптар Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болып енуі шеңберінде әлемді ядролық қарудан азат ету жолында бірлесіп күш салатындықтарын мәлімдеді.
(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі