Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
15.12.2016

Құлақтандыру


Астана, 15 желтоқсан.Мәжіліс Үйі.

Сейсенбі, 20 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан -2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасының «Білім» бағыты бойынша Комиссияның кезекті отырысы  өтеді.

 

15-00. А-309 бөлмеде

 

Отырыс  тақырыбы «100 нақты қадам» ұлт жоспарының  77- қадамына («77-қадам. Экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату») сәйкес ұйымдастырылған.

Отырыста ҚР Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиева, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі А.П.Рау баяндама жасайды. Қосымша баяндамаға Мәжіліс депутаттары Ж.Нұрманбетова мен Б.Хаменова шығады.

Отырысқа  он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орындарының жетекшілері, «ҚазақстанҒарышСапары» ҰК, «Павлодар мұнай-химия заводы» ААҚ басшылары шақырылған.

 

(Сәуле Досжанова, т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі