Астана, 4 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін аймақтарда Мәжіліс депутаттарының сайлаушылармен кездесулері басталды.
Парламентшілер сайлаушыларға өздерінің заң шығару қызметі, сонымен бірге Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспарында айқындаған тапсырмаларды орындау жолы туралы баяндайды.
Барлық үш парламенттік партиялар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжіліс депутаттарының сайлаушылармен кездесулері 4 мен 13-ші аралығында ұйымдастырылған. Кездесулер облыстық және аудандық орталықтарында ғана емес, сонымен қатар шағын қалалар, ауылдар мен шалғай ауылдарда өтеді.
Мәжіліс депутаттары аймақтағы еңбек ұжымдар, жұртшылықпен кездеседі, азаматтарды қабылдау өткізеді, сондай-ақ өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандарға барады.
(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының
Баспасөз қызметі таратты)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі