Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
06.01.2017

Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысында сайлаушылармен кездесулер өткізді


Астана, 6 қаңтар, Мәжіліс Үйі. 2017 жылғы қаңтар айының басында Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясы жетекшісінің орынбасары, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысының Аягөз және Жарма аудандарының 6 елді-мекенінде сайлаушылармен 7 кездесу өткізді.

Кездесулерде депутат Н.Сабильянов сайлаушыларға Елбасының «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының іске асырылуы, Парламенттің заң шығару қызметі, «Нұр Отан» партиясының атқарып жатқан жұмыстары туралы және «Нұрлы жол», «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламалардың іске асырылуы туралы айтып берді.

Сонымен бірге, «Нұрлы жер», нәтижелі жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту, Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі «Агробизнес-2017» жаңа бағдарламалардың негізгі бағыттары туралы түсіндірме берді.

Сайлаушылар өз кезегінде ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті дамыту, сумен, тұрғын үймен қамтамасыз ету, автожолдарды жөндеу, елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту мәселелері, медициналық қызметтер көрсету сапасын жақсарту, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру туралы мәселелерді көтерді.

Осыған қоса, депутатпен кездесулерге қатысушылар әлеуметтік сала жұмысшыларының жалақысын көтеру ауыл шаруашылық техникасына лизинг бағасын реттеу, кейбір жер мәселелерін шешу, және де ардагерлер туралы заң қабылдау қажеттілігін айтты.

Кездесулер барысында депутат Н.Сабильянов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Сайлаушылардың қойылған сұрақтарына депутат өз жауабы мен түсіндірмесін берді.

(ҚР Парламенті Мәжілісінің Баспасөз қызметі, 74-68-44)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі