Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
10.01.2017

Мәжіліс депутаты еліміздің туристік әлеуетін күшейту мәселесіне назар аударды


Астана.-10-қаңтар. Мәжіліс үйі. Аймақтарға сапар барысында Парламент Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев Алакөл көлінің инфрақұрылым және туризм даму әлеуетін қалыптастыру қызметкерлерімен кездесіп және Ақши ауылындағы теміржол стансасымен мен Үшарал қаласындағы аэровокзалының жаңа құрылыс алаңымен танысты.

Кездесуге  аудан әкімімен қатар, аудандық мәслихат хатшысы,  «Нұр Отан» партиясы Алакөл аудандық филиалының өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер палатасының мамандары, бизнес өкілдері, Алакөл қорығымен төтенше жағдай қызметкерлері арасында аудандық курорттық мүмкіндіктерін дамыту жөніндегі жаңа бағыттарды құру жөнінде нақты ұсыныстар айтылды.

-Ауданның туризм саласын дамыту үшін аудан әкімімен, аудан белсенділері жасаған  қуатты туристік индустрияны құру мәселесі болашақта іске асырылмақ. Осы өңірдің отандық туризм индустриясы басқа да аудандарға үлгі болады», - деді өз сөзінде депутат.

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі