«Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Дұлатбеков, Гүлнәр Бижанова, Снежанна Имашева және Серік Құсайынов Қарағанды қаласының Достық үйінде өткен облыстық және қалалық Қоғамдық кеңестердің отырысына қатысты.
Мәжіліс депутаттары заңнамаларды, нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар жинақтау мақсатында аймақтың жұртшылығымен кездесулер өткізіліп жатқанын атап өтті. Іс-шараның аясында Қоғамдық кеңестердің мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасының жаңа формаларын қалыптастырудағы маңызды рөлі айқындалды.
Кеңес мүшелерінің айтуынша оларға аймақ тұрғындардың атынан ұсыныстар мен өтініштер түседі. Көбінесе азаматтардың өтініштері денсаулық сақтауға, білімге, коммуналдық шаруашылыққа, жер мәселелеріне, еңбек дауларына және экологияға қатысты болып келеді.
Отырыс барысында Шахтинск қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Марат Дюсекеевтің құлаған үйден жапа шеккендерге қолдау көрсету туралы ақпараты тыңдалды.
Осы трагедиядан жапа шеккендерге көмек көрсету үшін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы Орталық апаратының, Қарағанды облыстық және аумақтық филиалдардың қызметкерлері бір күндік жалақыларың көмек Қорына аударды.
(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі