Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
13.01.2017

Мәжіліс депутаттары Шымкентте «Нұрлы жер» бағдарламасы жобасын талқылауға қатысты


Бүгін Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары,  «Нұр Отан» Партиясы фракциясының мүшелері  Б.Жылқышиев, Б.Ертаев, У.Қайназаров, М.Махамбетов, Б.Оспанов, А.Смағулов Оңтүстік Қазақстан облысында халықпен кездесулер өткізді. 

Олар Шымкент қаласы Достық мөлтек ауданындағы  «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып жатқан 1200 орындық мектеп құрылысымен танысты.

        Достық мөлтек ауданда халық тығыз қоныстаған. Қазіргі таңда жергілікті мектепте 1700 бала бар, сондықтан үш ауысымда оқуда. «Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында бұл мәселе шешілетін болды. 

                Халық қалаулылары құрылыс барысымен танысып, жұмысшылармен тілдесті. Қазіргі таңда құрылыс нысанында 200 астам жұмысшы бар. Жұмысшыларға жақсы жағдай жасалынып, орташа 100 мың.теңге жалақы төленуде.

                Парламент Мәжілісінің депутаты Байділдә Жылқышиев облыстың барлық елді мекендерін аралап, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін айтты:

- Біз сайлаушылармен кездесіп,  Парламенттің заң шығарушылық жұмыстары, Партияның сайлауалды бағдарламасы, «Мәнгілік ел» патриоттық актісінің елімізде орындалуы туралы, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының үрдісін қолдау және халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында қабылданып жатқан «Нұрлы жер» бағдарламасы жобасы бойынша кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргіздік.  «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандарды аралап, жұмыс жақсы жолға қойылғанына көз жеткіздік, - деді халық қалаулысы.   

 

Сол күні Мәжіліс депуттары «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХ есептік-сайлау конференциясына қатысты.

Конференцияда облыстық партия филиалының 2016 жылы атқарған жұмыстары сараланып, «Нұрлы жер» бағдарламасының  жобасы талқыланды. Сонымен қатар, ұйымдастыру мәселесіне байланысты Саяси кеңес және Саяси кеңес Бюросының құрамына өзгерістер  енгізілді.  

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі