Астана, 16 қаңтар, Мәжіліс Үйі.
Бүгін, Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаеваның жетекшілігінде «Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру» деген тақырыппен Үкімет сағаты болды.
Вице-спикер: «Әкімшілендіру кез-келген процестің ажырамас бөлігі болып табылады. Өйткені, мемлекеттік бюджетті толықтыру және түсімдерін ұлғайту осыған байланысты. Сауатты салықтық және кедендік саясат – кез-келген елдің тиімді әлеуметтік-экономикалық дамуының кепілі.
Мемлекеттік кірістерді әкімшілендіру саласы әлеуметтік маңызға ие. Онда мемлекеттің халықпен және бизнеспен өзара қарым-қатынастары орнатылады және белгілі бір олқылықтар мен кемшіліктер елдің экономикасына теріс ықпал етуі мүмкін.
Салық-бюджет саясаты дұрыс жолға қойылған кезде халықтың, бизнестің және мемлекеттің мүдделері сақталады.
Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында салық саласының ашықтығын арттыру, салықтық әкімшілендірудің тиімділігін қамтамасыз ету туралы тапсырмалар берген болатын.
Сонымен қатар, Ұлт жоспарындағы реформаның үшінші бағыты индустрияландыру мен экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша өзгерістер кешенімен байланысты.
Бұл бағытта «Ұлт жоспарының» тоғыз қадамын, іске асыру белгіленген (оның ішінде салық және кеден саясаты мен рәсімдерін оңтайландыруды, кедендік рәсімдерден өту кезінде «бірыңғай терезе» қағидатын енгізуді және электрондық декларациялау жүйесін дамытуды, кеден және салық жүйелерін интеграциялауды, «постфактум» кедендік тазалау режимін, жалпыға бірдей салықтық декларациялауды енгізу, салық декларацияларын қабылдау және өңдеу орталықтарын құру, жанама салықтарды алу тетігін жетілдіруді көздейтін қадамдар).
Үкімет ағымдағы жылы Парламент қарауына салық және кедендік реттеу туралы жаңа заң жобасын енгізуді жоспарлап отырғандықтан, бүгінгі Үкімет сағатының тақырыбының өзектілігі артуда»,- деп отырысты бастады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов негізгі баяндама жасады. Министр өз баяндамасын шартты түрде 5 бөлікке бөлді. Олар: кірістерді атқару және бақылау қызметі, сыртқы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ету, мемлекеттік қызмет көрсету, халықаралық рейтингтердегі еліміздің орны және Ұлт жоспары -100-нақты қадамның іске асырылуы.
2016 жылы мемлекеттік бюджет түсімдер жоспары 108,4%-ті құраған, 5 719,7 млрд.теңге жоспарда іс жүзінде 6 198,1 млрд.теңге түсіп, асыра орындау 478,4 млрд.теңгені құрағандығын айтты.
2016 жылы 10 мың салықтық тексеру жүргізілді. Барлық салық төлеушілердің небары 0,5%-ы бақылаумен қамтылған, ал 2013 жылы 12,2 мың тексеру жүргізіліп, 0,9% қамтылған болатын.
Баяндамасының екінші бөлігінде Б.Сұлтанов ведомствосы сыртқы тауар айналымның жеделдетуіне ықпал етуді едәуір жұмыс атқарғандығын баса айтты. Бизнес-процесстерді оңтайландыру нәтижесінде жасалатын іс-әрекеттердің саны 898-ден 394-ке дейін (2,3 есеге) қысқартылған. Жалпы кедендік рәсімдеу уақытын 6 сағаттан бір сағатқа дейін қысқартылған.
Сонымен қатар министр Астана қаласында барлық бақылаушы органдарды орналысқан жаңа көліктік-логистикалық орталық ашылғандығы туралы хабардар етті. Бұнда сыртқы экономикалық қызмет қатысушы барлық кешенді логистикалық қызметті алады.
Баяндаманың үшінші бөлігінде Бақыт Сұлтанов мемлекеттік қызмет көрсету Елбасы ұсынған бес институционалдық реформаның басым бағыттарының ішіне кіретіндігін атады.
Бүгінде мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік қызметтің 52 түрін көрсетеді (32 салық және 20 кеден бағыты бойынша). 34 қызметі (немесе 65,4%) электрондық нысанда көрсетіледі, оның ішінде 29 түрі баламалы негізде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы қол жетімді. Ағымдағы жыл ішінде қосымша тағы 7 қызмет берілетін болады. 42 ірі есептіліктерді қабылдау мен өңдеу орталықтарында кезектер мен сапаны бақылау электрондық басқару жүйесі орнатылған.
Баяндамасының келесі бөлімінде қаржы министрлігінің басшысы 2016 жылы Қазақстан «Кеден рәсімдерінің ауыртпалығы» көрсеткіші бойынша Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде елеулі алға жылжығанын атап өтті (77-ден 55-ші орынға дейін).
Дүниежүзілік банктің «Doing Business 2017» есебіне сәйкес 2016 жылы «Төлем қабілетсіздікті реттеу» индикаторы бойынша Қазақстан өз орнын 9 тармаққа жақсартып 37 орынға ие болды (46 - 37).
Сөзінің соңғы бөлігінде ведомство басшысы Ұлт жоспары – 100 қадамды заңнамалық қамтамасыз етудегі қолдаулары үшін депутаттарға алғысын білдірді.
Бизнесті қаржылай сауықтырудың тиімді жүйесін құру мақсатында банкроттықтың алдын алу және бизнесті сақтап қалуға бағытталған нормалар енгізілді. Сондай-ақ оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізу мерзімдері де қысқартылды. Сонымен қатар Қазақстанда жеке тұлғалардың банкрорттық тетігін енгізу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Мүлікті және ақшалай қаражатты жария ету мәселелері жөніндегі Заңмен оны жүзеге асыру рәсімдерінде жаңа тәсілдер айқындалды, қосымша кепілдіктер берілді. Нәтижеде шамамен 5,7 млрд. теңге мөлшерінде мүлік пен ақшалай қаражат жария етілді.
Ол осының барлығы Министрліктің депутаттық корпуспен бірлесіп жүргізген жұмысының нәтижесі екенін тағы да атап өтті.
Сөзін қортындылай келе қаржы министрі әкімшілендіруді жақсарту мен салық төлеуді жеңілдетуге ықпал ететін негізгі басым бағыттарына тоқталды.
Сонымен қатар министр депутаттардың қойған барлық сұрақтарына жауап берді.
Тақырыпқа Палатаның Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова қосымша баяндама жасады.
«Үкімет пен Қаржы министрлігі тарапынан жіті назар аударуды талап ететін бірқатар өзекті мәселелер мен проблемаларды көтерілді. Оларды шешудің ең тиімді жолдары қарастырылады деп үміттенеміз.
Мемлекет басшысы мынадай тапсырмаларының бірінші кезекте іске асырылуы керектігін айтқанына тағы назар аудартқым келеді.
Олар:
1. нарыққа қатысушыларды салықты жасыру тәсілдерінің тәуекеліне емес, «бәсекелестікке» ынталандыратын кешенді шаралар жүргізу;
2. бизнес ахуалды жақсарту және елде кәсіпкерлік пен инвестициялық тартымдылықты ынталандыру;
3. кедендік рәсімдерді және транзиттік жүктердің өтуін оңайлату;
4. көлеңкелі нарықтың көлемін қысқартуға арналған шараларды жетілдіру;
5. халықты алдағы жалпыға бірдей декларациялауды енгізуге белсенді түрде дайындау;
6. өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты бизнеске тартуға мүмкіндік беретін ұсыныстарды тұжырымдау.
Министрлікте депутаттар тарапынан айтылған ескертулер мен ұсыныстар ескеріліп, алға қойылған міндеттер шешіледі деп күтеміз.
Егер жобаға тағы ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, оларды Қаржы және бюджет комитетіне тапсыруға болады.
Бір аптаның ішінде ұсыныстар пысықталып Үкіметке жіберіледі,- деп қорытты Үкімет сағатын Төраға орынбасары.
Отырысқа ұттық экономика, ауыл шаруашылығы, инвестиция мен даму, ішкі істер, әділет, энергетика, ақпарат және коммуникациялар министрліктері мен ҰҚК және де «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасының өкілдері де қатысты.
(Сәуле Досжанова, т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі