Астана, 18 қаңтар. Мәжіліс Үйі.
Инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорынан бөлінетін қаражаттың және бюджеттік қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылау жүргізу жөніндегі Фракция жанындағы «Индустриалық, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау» бағыты бойынша комиссияның отырысы болады.
Өтетін күні: 2017 жылғы 19 қаңтар.
Өтетін уақыты: сағат 16:00-де.
Өтетін орын: Парламент үйі, 309 каб.
Модератор: Н. Сабильянов – Комиссия басшысы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.
Комиссия отырысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары-Комиссия мүшелері, «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратының, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның, «Қазақстанның даму банкі» АҚ-ның, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның, «Бірлескен химиялық компания» ЖШС-нің, «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-нің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
Талқыланған мәселелерге қатысты Комиссия тиісті ұсынымдар қабылдайды.
(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі