Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
23.01.2017

Мәжілісте «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылу барысы туралы» дөңгелек үстел болады


Астана, 23 қаңтар. Мәжіліс Үйі.

 

Ертең 24 қаңтар күні Мәжілісте «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және азаматтардың шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейту мәселелері бойынша «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі   100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылу барысы туралы» (97, 98-қадамдар) тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізіледі.

 

Өткізілетін күні: 2017 жылғы 24 қаңтар

Өткізілетін уақыты: сағат 14-00

Өткізілетін орны: Мәжілістің конференц-залы

 

Отырыс барысында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылу барысы туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі А.Н. Жұмағұлов пен ҚР Қаржы вице-министрі Б.Ш. Шолпанқұлов баяндама жасайды. Сондай-ақ дөңгелек үстелдің тақырыбы бойынша жергілікті өкілді, атқарушы органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.

Дөңгелек үстелге министрліктер мен ведомстволардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтерінің жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және сараптама ұйымдарының өкілдері шақырылған.

Отырысқа қатысушылардың қатарында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының, Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының, Қазақстан азаматтық альянсының, Еуропалық құқық және Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары институтының, Ұлттық тұтынушылар лигасының және Қазақстан тұтынушылардың құқықтарын қорғау қорының өкілдері бар.

                Сондай-ақ дөңгелек үстелдің жұмысына «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Аймақ» Қазақстан Республикасында өңірлік дамуға және жергілікті өзін-өзі басқаруға жәрдемдесу қорының өкілдері де қатысады.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі