Астана, 25 қаңтар. Мәжіліс үйі.
Ертең, 26 қаңтарда сағат 11-00, Конференц-залда Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Стандарттау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдар жобаларының тұсаукесерін өткізеді.
Отырыста Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі А.П. Рау баяндама жасайды.
Парламент Мәжілісінде осы заңдар жобаларын қарастыру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі болып, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің шешімімен депутат А.Т. Перуашев белгіленді.
(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі