Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
02.02.2017

Мәжіліс депутаттары елордада халықпен жүздесуде


Астана, 2 ақпан. Мәжіліс Үйі.

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің «Нұр Отан» партиясының депутаттары, фракция мүшесі Гүлжан Қарагусова мен Татьяна Яковлева «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын және  Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу туралы конституциялық реформаның жобасын, сондай-ақ «Нұрлы жер» тұрғын-үй құрылысы бағдарламасының жобасын талқылау барысында Астаналықтармен кездесуде.

Жобаларды талқылау кезінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова өз сөзінде еліміз бірте-бірте аса революциялық жүйелік құрылымға бағыт алғанына баса назар аударды. «Мәселе президенттің Үкімет пен Мәжіліске билік өкілеттілігін механикалық берілуі жайлы емес, барлық билік тармақтарының өз ара іс-қимылдарының жаңа моделді түрін қоғам алдында паралелді түрде қалыптастыру»-деп түсіндірді.  

Құрылыс жұмысы Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері  құрылыс комитетінің Төрағасының орынбасары Бакытжан Качаков: «Бізде бағдарламалардың нысаналы көрсеткіштері бар. Жылжымайтын мүлік нарық сарапшылары ретінде біз бағдарлама іске асып жатқан барлық аудандарда тұтұнушылық сұраныстың өткір мұқтаждығын терең зерттеуіміз керек. Құрылысты бастамас бұрын, ең алдымен қанша құрастыруымыз керек, нақты не құрастыруымыз керек, кім үшін және қалай құрастыруымыз керек және қандай бағалармен жүзеге асыратынымызды түсінуіміз қажет. Бұдан басқа, азаматтардың қандай бөлшегі әр түрлі бағдарламалармен қамтамасыз етілмегенін түсінгеніміз абзал. Бұл барлық сұрақтарға әлеуметтік зерттеулер жауап бере алады».

Қорытындылай келе, кездесу барысында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын және  Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу туралы конституциялық реформаның жобасын, сондай-ақ «Нұрлы жер» тұрғын-үй құрылысы бағдарламасының жобалары бойынша алдағы келе жатқан үлкен жұмыстардың сұрақтары талқылауға алынды.

(Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі