Ү.ж. 2 ақпанында Солтүстік Қазақстан облысына іссапармен барған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ю.Тимощенко, А. Тасболатов, М.Чирков, И.Клименко және Ш. Өтемісов Петропавл қаласында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Достық үйінде кездесулер өткізді.
Кездесуге жоғарғы оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттар, магистранттар, студенттер, этномәдени орталықтардың мүшелері қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаттары Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын халыққа түсіндіру. Жолдау халық арасында үлкен қызығушылық туындыруда, әсіресе еңбек нарығының модернизациясы, жас мамандардың жұмысқа орналасуы, жеке кәсіпкерлікті ынталандыру, «Қазақстан киберқалқаны» жүйесі мәселелері бойынша бірқатар сұрақтар қойылды.
Кездесулер аймақтық және республикалық БАҚ көрсетілуде.
2 ақпанда депутаттар Солтүстік Қазақстан облысының Пригородный, Воскресенов, Андреев ауыл аймақтары және Мамлютка қаласы тұрғындарымен кездесулер өткізу жоспарлануда.
(74-63-03. Ақпаратты ҚР Парламенті
Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі