Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Нұркина А.Қ., Құрманова А.А., Бычкова С.Ф., Симонов С.А., Базарбаев А.Е. жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді.
Сапар аясында депутаттар мемлекет Басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша облыс тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен, бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен бірқатар кездесулер жоспарланған.
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Агромашхолдинг» АҚ-ның жұмысымен танысып, кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесті.
Өз сөзінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Нұркина Жолдаудың басым бағыттарына тоқталып өтті. Атап айтқанда, депутат ұжым назарын биылғы Жолдауда қозғалған еңбек нарығының жаңғырту және бизнес-ортаны кеңейту мәселелеріне аударды.
Айгүл Қабдешқызы кездесу барысында «Жол картасы» және жұмыспен қамту орталықтарының реформалаудан өтіп, оның базасында барлық елді мекендерде бар бос жұмыс орындары тіркелген бірыңғай онлайн платформасы ұйыдастырылатыны туралы әңгімеледі. Айта кету жөн, әкімдіктермен әзірленетін осы «Жол карталары» бойынша қысқартылатын қызметкерлердің қайта даярлау және оларды одан әрі жұмысқа орналастыру мәселесі шешімін табатын болады.
Сонымен қатар, депутат Нәтижелі жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы туралы және оның іске асыру жұмыстарына Үкімет жаңа жылдаң бастап кіріскені туралы да атап өтті.
«Осы бағдарлама аясында Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады. Сонымен қатар, бизнесті жүргізу және қаржылық сауаттылыққа үйрету бойынша да жұмыстар ұйымдастырылатын болады деп жоспарлануда. Бағдарламада басты назар отбасылық бизнестің дамуына ерекше көңіл аударылатын болады», - деп толықтырды депутат.
«СарыарқаАвтоПром» ұжымымен әңгімелесу барысында депутат Айзада Құрманова ерекше атап өткендей, мемлекет Басшысы биылғы Жолдауында қостанай өңіріңе тән - агроөнеркәсіптік кешені, машина жасау салаларына басты назар аударды.
«Мемлекет Басшысы электромобиль өндірісін экспорттық бағдардағы одан әрі дамыту бойынша нақты басымдық ретінде белгіледі, оны жүзеге асыру барысында шамамен 20 мың жаңа жұмыс орын құру жоспарлануда. Бүгінгі таңда, Н.Назарбаев атап өткендей,екі жоба іске қосылды, оның біреуі – осы сіз жұмыс істеп жүрген JAC электр автомобильдерді құрастыру зауыты», - деді Айзада Амангелдіқызы.
Кездесу барысында Елбасының 25 қаңтардағы Үндеуінде атап өткен билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі ұсынылатын конституциялық реформалары туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Бычкова әңгімеледі.
Депутаттар осы күні А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен, студенттерімен және Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің ұжымымен кездесу өткізді. Сондай-ақ, Парламент Мәжілісінің депутаттары Симонов С. А. және Базарбаев А.Е. «Нұр Отан» партиясының Қостанай қалалық филиалында азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізді.
Айта кету керек, бір күн бұрын депутаттар биылғы Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру бойынша өңірлік Іскер әйелдер ассоциациясының мүшелерімен және «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының активімен кездесу өткізді.
(74-63-03. Ақпаратты
ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз
қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі