Астана, 7 ақпан, Мәжіліс Үйі. Бүгін мәжіліс депутаттары Жетісу мемлекеттік университетінің студенттері мен оқытушылар ұжымымен, сондай-ақ кездесуге арнайы шақырылған ауған соғысы ардагерлерімен кездесті.
Кездесуге «Нұр Отан» фракция мүшелері Бахытжан Ертаев, Бейбіт Мамраев, Бахытбек Смағұл, Шакир Хахазов қатысты. Іс-шараға қатысушылар ішінде АОПФ төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев, облыс әкімдігі мен мемлекеттік атқарушы органдардың өкілдері де болды.
Жиында ауған соғысы ардагерлеріне сөз беріліп, халық қалаулыларының ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары кездесу барысында университеттің материалдық-техникалық жабдықталуымен толық танысып, Елбасы саясатының жергілікті жерде іске асып жатқанының куәсі болды. Б.Мамраев Республика деңгейінде іске асырылып жатқан білім беру саласындағы өзгерістер туралы қысқаша ақпараттар беріп, еңбек ұжымы мүшелерімен өзара пікір алмасты.
Мәжіліс депутаттары Оқушылар сарайында, Жастар ресурстық орталығында болып, ондағы белсенді жастармен сұхбаттасты.
Мәжілісмендер барған келесі нысан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы «Асар» спорт-реабилитациялық орталығы болды. Аталмыш орталықтың негізгі мақсаты - омыртқасына зақым келген және қимыл-қозғалысы шектеулі мүгедек жандарға қайта қалпына келуге көмектесу.
Мәжіліс депутаттары кездесулер барысында Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары туралы сонымен қатар партияның «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасы мен Елбасының 2017 жылы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын, Елбасының билік өкілеттіліктерін бөлу жайындағы Үндеуін жан-жақты талқылады.
Сондай-ақ, Республика деңгейінде іске асырылып жатқан индустриялық-инновациялық жобалар туралы қысқаша ақпараттар беріп, еңбек ұжымы мүшелерімен өзара пікір алмасты.
(Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі