Астана, 8 ақпан. Мәжіліс Үйі. Атырау облысындағы жұмыс сапары барысында Мемлекет Басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатымен Мәжіліс депутаттары Жамбыл Ахметбеков, Нұрлан Дулатбеков және Геннадий Шиповских Исатай ауданының Тұщықұдық және Аққыстау ауылдарына келді.
Тұщықұдық ауылындағы сайлаушылармен кездесуді аудан әкімі Тұрарбек Сұлтанбеков ашып, жүргізіп отырды. Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков Елбасының Жолдауындағы негізгі бағыттар туралы айта келіп, осы бағдарламалық құжат еліміздің келесі даму белесін бағындыратындығына сенім мол екендігін айтты. - Еліміздің дамыған 30 елдің қатарына қосылуы үшін Жолдауда айтылған, инновацияны, цифрлық технологияны, IT технологияны, ғылым жетістіктерін, бір сөзбен айтқанда әлемдік озық технологияны өндіріске енгізуміз қажет, яғни елдің экономикасының мүлде жаңа моделін дамыту шарты тұр. Елбасы Жолдауының негізгі тақырыбы міне осы мәселелерді қамтиды. Халықты әлеуметтік қорғау мәселесі де Жолдаудың басты бағыты – деп атап өтті Ж.Ахметбеков.
Халық қалаулылары сайлаушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.
Кездесуге ауыл тұрғындары, мемлекеттік кәсіпорындар мен бизнес өкілдері, ақсақалдар мен аудан белсенділері қатысты.
(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі