Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
09.02.2017

Мәжіліс депутаттары Ақмола облысында


Астана, 9 ақпан, Мәжіліс Үйі. Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Теміржанов, Сергей Звольский, Петр Шарапаев, Ирина Аронова мен Ирина Унжакова  Көкшетау қаласының іргесінде орналасқан Красный яр ауылының тұрғындарымен, «Тыныс» АҚ және «Новопэк» ЖШС текстиль фабрикасының  еңбек ұжымдарымен кездесті. 

Халық қалаулылары Мемлекет басшысының Жолдауындағы мақсат-міндеттердің орындалуы мен оған баршаның бірлесе кірісуі, еліміздің үшінші жаңғыруы жолында алға қойылған тапсырмаларды орындаудың тиімділігі мен пайдасы жөнінде әңгіме өрбітті. 

 Депутаттар Мұрат Теміржанов, Сергей Звольский және Петр Шарапаев «Тыныс» кәсіпорны қызметкерлерімен кездесу барысында, еңбек ұжымының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. «Тыныс» АҚ 45-тен аса түрлі авиациялық құрал жабдықтар шығаратын еліміздегі жалғыз зауыт. 1959 жылдан бері жұмыс істеп тұрған мекеме 70—ден астам адамды жұмыспен қаматамыз етіп отыр.

Ақмолалықтармен кездесу барысында айтылған ұсыныстар мен тілектер депуттар назарына алынды.

 (Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісінің Баспасөз қызметі таратты, партия ОФ қолдауымен)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі