Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
09.02.2017

Мәжіліске Қытай елшісі келді


Астана, 9 ақпан. Мәжіліс Үйі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Ханьхуэймен кездесті.

Дипломатты қарсы алған парламентші мейманды қытай елінің жаңа жылымен құттықтап, Елшіге ізгі тілектер білдірді.

 Қытай Халық Республикасымен арадағы жан-жақты ынтымақтастық байланыстарға айырықша назар аударатынын атап өтті. 2017 жылы екі мемлекет арасындағы достық байланыстарға ширек ғасыр болатыны айтылды. Осы жылдар арасында барлық бағытта, әсіресе, экономика мен саяси байланыстар өркендеп, Қытай Қазақстанның стратегиялық серіктесіне айналды.

Кездесуде екі ел парламенттері байланыстарының өзара үнқатысуының маңызы да айтылды.

Елші Қазақстанда жасалып жатқан жаңғыртулар мен реформаларды қолдайтынын білдірді. Экономикалық жағдай мен тіршілігі тұрақты, аспаны бейбіт, гүлденген Қазақстан әлем алдында өз орны бар, оны Қытай елі бағалайтынына тоқталды.

 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі