Астана, 10 ақпан. Мәжіліс Үйі.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Анар Жайылғанова Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андраш Баранимен жүздесті.
Мәжіліс депутаты Қазақстан тарихи тамыры бір Мажарстан елін Еуроодақпен арадағы алтын көпір деп қабылдайтындықтарын жеткізді. Екі елдің экономикалық және саяси байланыстары өркендеп, әлі алда шығатын биіктері көп екендігіне үміт артып, бастамалардың жалғасын табатынына сенім білдірді.
Тараптардың әңгімесінде Қазақстан аумағында жұмыс жасап жатқан 50 бірлескен кәсіпорындардың ЭКСПО халықаралық көрмесіне атсалысатындықтары айтылды.
Елші Қазақстанда жасалып жатқан жаңғыртулар мен Коституциялық реформаларды қолдайтынын білдірді.
(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі