Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
10.02.2017

Жаңғырту игіліктерді әкеледі


Астана, 10 ақпан. Мәжіліс Үйі.

Жамбыл ауданының Аса ауылында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Байділдә Жылқышиевтің "Амангелді газ өңдеу зауыты" кәсіпорын қызметкерлерімен кездесуі өтті.

 Мәжіліс депутатының айтуынша: бүгінгі таңда еліміз жаһандық тарихи жетістіктерге жетті және бұл ретте кейбір мақсаттар мерзімінен бұрын орындалды. Дәл осы себеппен Президенттің жаңа Жолдауының негізгі тақырыбы- Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік  шеңберінде болды.

Бұл құжатта жаңа міндеттер, жаңа мақсаттар тұр, - деді мәжілісмен.

Мемлекет басшысы әділ атап өткендей, тек 2014-2016  жылдары экономиканы қолдауға 1,7 триллион теңге қосымша қаржы бөлінді. Осының бәрі экономикалық өсу және бизнесті қолдау жасауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. 2016 жылы жалпы ішкі өнім 1 пайызға өсті.

Депутаттың пікірінше, елдің екі жаңғыртуы ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерді әкелді, және сол кездегі әлемдік экономика қиындықтарға тап болғанына қарамастан, Қазақстан экономикалық қиыншылық зонасынан босап шығып, әлемдегі бәсекеге қабілетті экономикасы дамыған  50 елдің қатарына қосылды. Үшінші жаңғырту Болашаққа деген сенімді көпір болуы тиіс және  Қазақстанның 2050 стратегиясының орындалуына  жасалған нақты қадам.  Ол  «100 нақты қадам»  Ұлт жоспары аясында өткізілетін болады.

Зауыт жұмысшылары жаңа Жолдаудағы  экономикалық дамумен қатар әлеуметтік мәселелер де ұмытылмағандығына қанағаттанарлық екенін жеткізді. Кәсіпорын қызметкерлері Елбасы жолдауын бірауыздан қолдап, Мәжіліс депутатына ауданға келіп жылы кездесу өткізгеніне рахмет айтты.

Зауыт қызметкерлері - билік өкілдерінің Елбасы Жолдауын халыққа жеткізіп, оның орындалу жолдарын түсіндіруі, біз үшін өте маңызды екенін жеткізді.

Айта кетейік, мәжіліс депутатының қатысуымен «Нұр Отан» партиясы Жамбыл  облыстық филиалының отырысында Елбасы Үндеуіндегі  Конституциялық реформасы талқыланды. "Нұр Отан" партиясының Жамбыл облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев қол жеткізілген елдің жетістіктері Елбасының жасампаз саясатының арқасында жүзеге асқандығын атап айтып, отырысқа қатысушыларға Жолдауды қолдауға және іске асыруға өтініш білдірді.

Өз кезегінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Байділдә Жылқышиев Жолдаудағы ерекше міндеттерді айқындап, шешілу жолдарын және осы құжаттың орындалу ерекшеліктерін түсіндірді.

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі