Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
13.02.2017

Мәжіліс: Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс қимылдың өзекті проблемалары


Астана, 13 ақпан, Мәжіліс Үйі.

Мәжілісте Палата Төрағасының орынбасары Владимир Божконың жетекшілігінде   «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс қимылдың өзекті проблемалары»,-деген тақырыппен Үкімет сағаты болды.

Отырысты бастаған вице-спикер: Мемлекеттің инновациялық дамуының негізі адам зат капиталы болып табылады. Елбасы Жолдауында басты адресат адам, оның өмірінің сапасы, ертеңгі күнге сенімділік болуы кездейсоқ емес. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев жылдағы Жолдауында еліміздің тұрақты дамуы және әлемдік бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуі үшін ұлттық байлықтың ерекше түрі саналатын адам капиталын дамыту мен қалыптастырудың маңызын ерекше атап өтіп келеді.

Қазақстанның мемлекеттік отбасылық саясаты тұрмыстық сипаттағы зорлық-зомбылықты тоқтату және оның алдын алу тетіктерін жетілдіруге бағытталған.

2009 жылдың желтоқсан айында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңы қабылданды. Бүгінгі таңда осы заңды жетілдіру мақсатында 7 рет түзетулер енгізілді.

Атап өткен жөн, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы мәселелер бойынша Мәжіліс депутаттары екі рет бастамашылық жасаған заңдар жобалары да қаралды»,- деді.

Бүгінгі талқылауға ІІМ-ні, Прокуратураның, ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық саясат жөніндегі комиссияның  жауаптықызметкерлері, ОҚО мен СҚО, Маңғыстау, Қарағанды және ШҚО-ның жергілікті полиция қызметкерлері, сонымен қатар Үкіметтік емес мекемелердің де өкілдері шақырылып, қатысып отыр.

Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлімдегендей, бүгінгі Үкімет сағатының отырысы онлайн көрсетілімде өтіп жатыр. Енді алдағы уақыттарда да осындай өтпекші. Бүгінгі Үкімет сағатын ғаламтор арқылы барлық облыстар мен аудандардың жергілікті полиция бөлімшелерінің қызметкерлері қарай алады»,- деп хабарлады.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов тақырып бойынша баяндап берді.

Министр өз сөзінде 2010 жылға дейін тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша іс-қимылдың нақты алгоритмі болмаған. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы», «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» арнайы Заңдар қабылдағаннан кейін бұл жағдай өзгерді.

 «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы», «Баланың құқығы туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдарға түзетулер енгізілді. Соның ішінде отбасының шырқын бұзушыларды уақытша көшіру (оның басқа тұрғын-жайы болған жағдайда), кәмелетке толмаған және өз бетімен әрекет етуге қабілеті жоқ отбасы мүшелерімен байланыс жасауына, 1 жылға дейін үйде алкоголь мен есірткі заттарын тұтынуға және тағы басқа жағдайларға тыйым салу мүмкіндіктері енгізілді. Қабылданған заңды шаралар еліміздегі тұрмыстық қылмыс деңгейін жыл сайын орташа есеппен 10 пайызға төмендетуге септігін тигізді.

Отбасылық-тұрмыстық деңгейдегі қылмысқа қарсы күрес мәселесі балаларды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау, қылмыстан сақтандыру мәселелерімен тығыз байланысты. Бүгінде полицияның алдын алу есебіне 16 мыңнан астам бала тұрып жатқан 12 мың қолайсыз отбасы тіркелген. Өткен жылы бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке шамамен 5,5 мың ата-ана тартылған.

Баяндама соңында Қ.Қасымов отбасылық қатынастардан туындайтын қылмыс күрделі әлеуметтік мәселелерге жататынын және мұндай қылмыстардың алдын алу көп жағдайда жергілікті маңызы бар әлеуметтік мәселелердің шешілуіне байланысты екенін атап өтті.

Сондықтан ІІМ болашақта бұл мәселелерді шешуге аумақтағы әкімдер басшылық жасайтын, сондай-ақ қоғамдық құрылымдар, үкіметтік ұйымдар және тұрғындардың өзі басқаратын құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өңірлік комиссияның мүмкіндіктерін белсенді пайдалануға ниетті. Бұл өз кезегінде әрбір өңірде қылмыстан сақтандырудың тиімді жүйесін құруға, тұрмыстық деңгейдегі қылмыстың алдын алудың оңтайлы үлгісін ойлап табуға мүмкіндік береді.

Тақырыпқа қосымша баяндаманы  Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров жасады.  «Мемлекет басшысының Қазақстанның Үшінші жаңғыруының бес негізгі басымдықтарында белгіленген бастамалары дені сау, білімді және елінің патриоты болатын азаматтық қоғамның болуын талап етеді. Адами капиталды жақсарту міндетінің басымдық ретінде қойылуы кездейсоқ емес.

Жолдауда басқа басымдықтар ішінде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамыздандыру және халықты жұмыспен қамту саласындағы өзгерістердің жаңартылған форматы ұсынылды.  Оны іске асыру тұрмыстық қылмыс деңгейіне әсер ететін мәселелердің тұтастай кешенін шешуге мүмкіндік береді.

Осы талқылауға дайындалу аясында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті профилактика субъектілерінің құқық қолдану практикасына талдау жүргізді. Дағдарыс орталықтарының, қорлардың алаңдарында, құқық қорғау органдары мен қоғамдық ұйымдарда сараптамалық кездесулер ұйымдастырылды. Бұл жұмыс қолданыстағы заңнама одан әрі сапалы түрде жетілдіруді талап ететінін көрсетті. Профилактика субъектілерінің өз жұмыс практикасы да түбегейлі жақсартуды талап етеді.

Бас прокуратура бірнеше ай бойы «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты ауқымды жобаны жүргізіп отырғанын атап өту керек.

Отбасы институты мемлекет пен қоғамның іргесін қалайтын негіздердің бірі деген ұғымға сүйенсек, ендеше ол ұлттық қауіпсіздіктің де негізі болып табылады. Сондықтан отбасы институтының жай-күйі стратегиялық перспективада мемлекет тарапынан да, бүкіл азаматтық қоғам тарапынан да үнемі назарда болуға тиіс.

                Отбасындағы жағымсыз жағдай, қарапайым сөзбен айтқанда – балаға қарамау отбасының материалдық не әлеуметтік мәртебесіне ешқандай байланысты емес. Егер бұл ауру болмаса ғана дәл осы фактор балалар суицидінің себебі болып табылады. 

Азаматтық неке ұғымы тұрмысымызға және азаматтарымыздың санасына мықтап енді. Некенің мұндай түрінде міндеттемелер жоқ, ата-аналардың мызғымас дәстүрлі отбасылық құндылықтарды балаларының санасына сіңіруге жан-тәнімен ұмтылуы болмайды. Сонымен бірге бұл құндылықтар – тарихи тұрғыдан нақты қоғамға тән және сол қоғамды сипаттайтын дәстүрлер жиынтығы.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің 2015 жылғы отырысында некесіз туған 72 мың бала, 400 мыңнан астам жалғызілікті ана, 60 мыңнан астам жалғызілікті әке бар екені айтылды. Жетім балалар санатында  31мың бала бар. 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша балалар үйлерінде 6 436 бала тәрбиеленеді. 

Осы саладағы процестердің қалыптасу шарттарын, себептерін, өзара байланысынегжей-тегжейлі зерделеу қажет. Бір сөзбен айтқанда, кешенді талдау және жүйелі түрде жұмыс жүргізбесе болмайды.

                Алайда, бүгінде біздің көзқарасымыз бойынша бұл міндет Парламент те, сонымен қатар мемлекеттік органдар да назараударуы тиіс бірқатар себептер бойынша тиісінше іске асырылмай отыр.

                Бірінші кезекте –Үкіметтің тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру мен олардың қызметін үйлестіру жөніндегі заңмен айқындалған құзыреті жеткіліксіз іске асырылған. 

                Бұл жағдай профилактиканың барлық субъектілерінің жағымсыз әлеуметтік құбылысты жоюға жүйелі және кешенді тәсіл қолдануына мүмкіндік бермейді.

Екінші себеп – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың Қазақстанда таралуын және оның салдарын әлеуметтік зерттеулердің жеткіліксіздігі. Осындай зерттеулер ЭЫДҰ елдерінің практикасында табысты іске асырылуда. Бұл жерде Ұлттық экономика министрлігінің рөлі маңызды болады.

Зерттеу мен кешенді талдауды қамтамасыз етпейінше, Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында қойылған барлық тұрмыстық зорлық-зомбылық түрлеріне мүлдем төзбеушілік қағидаттарында отбасылық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттерге қол жеткізу қиын. Қазіргі кезде зерттеулер негізінде айқындауға болатын шығындарды жоспарлау жоқ.  

Үшінші себеп – отбасылық саясат, зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы уәкілетті органдар тарапынан кең ауқымда насихаттау және мәдени-ағарту жұмысы жүргізілмейді. Мәдениет және спорт министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында бұл бағытта мұндай шараларды көрмедік.

Төртінші себеп – «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңды қолдану практикасы қаралып отырған проблемаларды шешудегі үлесі салмақты болатын және атқаратын рөлі мен міндеттері алдын ала айқындалған басқа да мемлекеттік органдарды профилактика субъектілеріне заңнамалық тұрғыда тартудың қажеттілігін көрсетті. Бұл – Әділет министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі. 

Бесінші себеп – Үкіметтік емес сектордың, яғни Қоғамдық кеңестердің, Аналар кеңестерінің, Ақсақалдар кеңестерінің және басқа да азаматтық қоғам институттарының әлеуеті тиісінше пайдаланылмайды.

                Алтыншы себеп –көптеген әлеуметтік, ментальдық, құқықтық және басқа да факторларға байланысты, ауылдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық статистикадан іс жүзінде жасырылған. Ал Қазақстанда тұрғындардың 43 пайызы ауылда тұратыны баршаға белгілі

Жетінші себеп – Елбасының жаңа үлгідегі полиция – қарапайым адамдардың күнделікті өмірдегі қауіпсіздігі мен тыныштығына бағдарланған, халыққа арналған полиция құру туралы идеясы әзірге іске асырылмай отыр.

Учаскелік инспектор зорлық-зомбылық көрсетушілердің құқықтық санасына әсер етуге тиіс және әсер ете алатын адамға айнала алмады. Профилактикалық әңгімелесу алдын алатын және түсіндіретін құжаттар тапсырылмастан, формальды түрде ғана жүргізіледі. Ішкі істер министрлігінің ведомстволық статистикасында профилактикалық есепте тұрғандармен ғана профилактикалық әңгіме жүргізілгені көрініс тапқан.

Сегізінші себеп– кәсіби психологиялық көмек қызметтеріне қажеттіліктің өсуі және оның білім беру мен денсаулық сақтау саласында сапалы және жеткілікті түрде байланысының болмауы.   

Тоғызыншы себеп– тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді қорғау, оңалту, қайта кіріктіру жөніндегі инфрақұрылым дамымаған. Әлеуметтік жобалар ұзақ мерзімге қаржыландырылмайды, бұл олардың тиімді болуына мүмкіндік бермейді.

Соңғысы, оныншы себеп – салалық нормативтік-құқықтық базаның жеткіліксіздігі. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласын реттейтін заңнама одан әрі сапалы жақсартуды талап етеді,- деп талдап берді Комитет төрағасы. 

                «Біздің ойымызша қажетті өзгерістер мен толықтыруларды біз ұсыныстар жобасына бердік, құрметті әріптестер, олар сіздердің қолдарыңызда бар. Нормалар «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңға да және Бюджет, Азаматтық-процестік, Қылмыстық, Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстеріне де ұсынылды. Олардың кеңінен талқылануға тиіс екені сөзсіз, бірақ қазір біз осы мәселелерге әзірлеушілердің назарын аудырғымыз келеді.  

Сонымен бірге отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы зорлық-зомбылыққа қарсы келісілген іс-қимыл жүйесін әзірлеу үшін ұсыныстар топтамасы берілді. Үш-төрт күн ішінде сіздерден де ұсыныстар күтеміз»,- деп нақтылап өтті.  

 

Парламент сағатының қорытындысында мәжілісмендер тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрестің оң нәтижесін атап өтіп, осы мәселені одан әрі тиімді шешуге және мүдделі ҮЕҰ-мен, мемлекеттік, атқарушы органдармен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда бірлесіп әрекет етуге қатысты нақты ұсыныстар берді.

Талқылау қорытындысы бойынша тиісті Ұсынымдар қабылданды.

 

(Сәуле Досжанова, т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі