Астана, 14 ақпан. Мәжіліс Үйі.
Мәжілісте «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасынының Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Оның жұмысына Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдров қатысып, жұмыс тобының жетекшісі, депутат Қанат Мусин жүргізді.
Қарастырылып отырған заң жобасы бойынша ҚР «Жол жүрісі туралы» және Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің бірқатар нормаларына түзетулер енгізуді көздейді.
Заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бесінші шақырылымындағы депутаттар тобының ұсынысымен әзірленген. 2015 жылғы 9 желтоқсанда Палата депутаттары бірінші оқылымда мақұлдаған.
«Жол жүрісі туралы» Заңда ішкі істер органдарының қызметкері тоқтатқан жағдайда, жолаушылардың көлік құралынан қызметкердің рұқсатынсыз кетуіне тыйым салынатын норма қамтылған.
Бүгінгі отырыста мотоцикл жүргізушілер мен жеңіл көлік жүргізушілерін оқытатын ұйымдардың мәселелері талдауға түсті. Онда жүргізушілер мен көлік құралдарын басқаратындарға бірыңғай тәртіп енгізуді көздеп, олардың сапасын жақсарту, аталған салада сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселелері қаралды.
Сонымен қатар өздігінен көлік айдауды үйренетіндер, рульде отырып темекі шегушілер мен айыппұлдарды төмендету мәселелері де депутаттар назарынан тыс қалмады.
(С.Досжанова. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі