Астана, 2 наурыз. Мәжіліс Үй.
Бүгін Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаровтың басшылығымен Қазақстан Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Карпович Божконың қатысуымен көшпелі отырысы өтті.
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында ауыл шаруашылығы өндірісіне инновациялық технологияларды, өсімдік сұрыптарын және ауыл шаруашылығы малдарының тұқымдарын енгізу» ,- деп аталды.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті базасында өткізілген шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, коммерциялық емес білім беру орталықтарының өкілдері, ғалымдар мен практиктер қатысты.
Көшпелі отырыс барысында депутаттар зертханаларды, тәжірибелік-эксперименттік платформаларды және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ауыл шаруашылығы биотехнологиясы ғылыми-зерттеу институтын аралады.
Талқылау барысында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес АҚ Басқарма Төрағасы Наметов Асқар Мырзахметұлы Қазақстанның АӨК-нің инновациялық дамуына жәрдемдесуі жөніндегі ұйымның қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Өз кезегінде, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ Басқарма Төрағасы Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы депутаттық корпусты Университеттің сала мамандарын даярлау және біліктілігін арттыру бойынша білім беру бағдарламасымен, сондай-ақ оны аграрлық Зерттеу университетіне реформалаумен таныстырды.
Бұл ретте, депутаттар аграрлық ғылым мен жаңа технологиялардың АӨК-нің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы өте маңызды рөлін, ғылым мен ауыл шаруашылығы өндірісінің тығыз интеграциясының, саланы сапалы кадрлармен қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті.
(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі