Мәжілісте ЮНИСЕФ балалар туралы
Астана, 3 наурыз. Мәжіліс Үйі.
Бүгін Мәжіліске ЮНИСЕФ-тің Орталық және Шығыс Еуропа мен ТМД бойынша өңірлік директоры Афшан Хан келді.
Депутаттармен жүздесу барысында балалар құқығын қорғау, сонымен бірге ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен балаларға арналған заңнамалар жайында әңгіме қозғалды.
Жүздесуге қатысушылар өзекті тақырыпты талқылай келе, аталған саладағы заңнамаларды жетілдіру және екі жақты үндесе түсу қажеттілігін атап өтті.
Кездесуге қазақстандық парламентшілер Бейбіт Мамраев, Светлана Бычкова, Снежанна Имашева, Айгүл Нуркина, Жәмила Нұрманбетова, Жанат Омарбекова қатысты.
Мәжіліске мейманмен бірге ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Юрий Оксамитный, аталған өкілдік басшысының орынбасары Фиакра Макаси, ЮНИСЕФ –тің білім беру және балалардың құқығын қорғау бағдарламаларының үйлестірушісі Татьяна Адерихина келді.
(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі