Астана, 26 сәуір, Мәжіліс Үйі.
Ертең, 27 сәуір, бейсенбі күні Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаровтың жетекшілігінде «Өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеудің проблемалы мәселелері туралы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтеді.
Ауыл шаруашылық министрінің орынбасары Төлеутай Рақымбековтің баяндама жасайтыны күтілуде.
Басқосуда сөйлейтіндер: Балапанов Ерік Жұмаханұлы - «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқасының Тамақ өнеркәсібі комитетінің төрағасы, Сарбасова Гайни Төлеуәлиқызы - «Қазақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директоры, Велямов Масимжан Турсунұлы - «Қазақ өнеркәсіпті қайта өндеу және азықтық ғылыми-зерттеу институты» ЖШС «Биология, сапа және азық-түлік қауіпсіздігі» зертхана меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор, Наурзғалиева Айжан Абақанқызы - «Қазақстан тағам кәсіпорындарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті, Ган Евгений Альбертович- «Қазақстан астықты қайта өңдеушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті.
Шараға парламентшілер, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдері мен ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер, сарапшылар шақырылып отыр.
27 сәуірде сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Конференц-залында болады.
(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі