Астана, 27 сәуір.Мәжіліс Үйі.
Бүгін Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильяновтың жетекшілігінде алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі екінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесінің жай-күйі және даму перспективалары» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізді.
Елбасының 2015 жылғы 6 сәуірде бекіткен «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасында жылумен, сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйесін жаңғыртуға айтарлықтай қаржы қаражатын бөлу қарастырылған.
Тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығы саласында «Нұрлы Жол»
инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік
бағдарламасының іске асырылуы барысы туралы ҚР инвестициялар
және даму Вице-министрі Т.Тоқтабаев, тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығы саласында тарифтерді белгілеу
туралы ҚР Ұлттық экономика Вице-министрі
А.Н. Жұмағұлов және тұрғын үй
шаруашылығының жағдайын жақсарту шаралары мен оны
жаңғырту жөніндегі ұсыныстары жайында «Тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен
дамытудың қазақстандық орталығы»
АҚ-ның Басқарма төрағасы М.Т. Садуов баяндама
жасады.
Сондай-ақ дөңгелек үстелдің тақырыбы бойынша Астана қаласы тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы – Ә. Қуатбеков пен Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Өскенбаев қатысып сөз сөйледі.
Дөңгелек үстелдің отырысына ҚР инвестициялар мен даму, Ұлттық экономика министрліктерінің, Астана мен Алматы қалаларының, Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы; «Бірлік» Саяси Партиясы; «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» өкілдері қатысты.
Отырысты қорытқан Нұртай Сабильянов бүгінгі талқылаудан алынған ақпараттар Комитетттің заңшығару жұмысында назарға алынатынын мәлімдеді.
(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі