Астана, 27 сәуір, Мәжіліс Үйі. Ертең, 28 сәуір күні, Мәжілісте «Нұр Отан» партиясы фракциясының «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы. Ағымдағы сын-тегеуріндер және келешегі» тақырыбындағы кеңейтілген жиналысы болады.
Жиналыс жұмысына Мәжіліс Төрағасы Н.Нығматулин, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының Төрағасы Т.А.Құлыбаев, Мәжілістегі ҚХА-ның депутаттық тобының мүшелері, бизнес-қауымдастықтарының өкілдері қатысады деп жоспарлануда.
Жиналыста отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету және бәсекелестік қабілеттілікті арттыру, ауылдық кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қарастырылады.
Іс-шара: 2017 жылғы 28 сәуірде, сағат 11:00-де, Парламент Мәжілісінің ғимараты, конференц-залда (А-235) өтеді.
(Мөлдір Мұса - 24-38-22. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісінің Баспасөз қызметі таратты)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі