Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
27.04.2017

Өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеудің проблемалы мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті


Мәжіліс үйі, Астана, 27 сәуір.

 

Бүгін  Парламент Мәжілісінде аграрлық мәселелер Комитетінің төрағасы Сапархан Омаровтың төрағалығымен «Өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеудің проблемалы мәселелері туралы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Дөңгелек үстел отырысының барысында өсімдік шаруашылығының өнімдерін өндіру мен қайта өңдеудің өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды.

Ауыл шаруашылығының вице-министрі Төлеутай Рахымбековтың басты баяндамасында отандық өнім өндірудің бәсекелестігін қамтамасыз ету бойынша, салааралық қарым-қатынастың тиімділігі мен агроөндіріс кешені субъектілерін қаржылық, ақпаратты-әдістемелік қолдауға бағытталған министрлікпен қабылданып жатқан шаралар мен алда тұрған міндеттер айқындалды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және  өнеркәсіпті қайта өңдеу және азықтық ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері де өзекті мәселелер мен міндеттерді ортаға салды.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының Тамақ өнеркәсібі комитетінің төрағасы саланың дамуына кедергі келтіріп отырған мәселелерді баяндап берді.

Дөңгелек үстел жұмысына депутаттар, уәкілетті мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстан тағам кәсіпорындарының одағы», «Қазақстан астықты қайта өңдеушілер одағы», «Қазақстанның картоп пен көкөніс өндірушілерінің Одағы», «Қазақ мақта қауымдастығы» және т.б. заңды тұлғалар бірлестіктері сияқты үкіметтік емес секторлар өкілдері, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және  өнеркәсіпті қайта өңдеу және азықтық ғылыми-зерттеу институттары, сонымен қатар «Есік жеміс-көкөніс консервілеу зауыты», «Орталық Азия Қант Корпорациясы» ЖШС және «АзияАгроФуд», «Евразиан фудс» АҚ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілерінің өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, міндеттерді белгілеген және оларды шешу көзқарасын ұсынған отандық мамандардың құзыретті пікірлері тыңдалды.

Дөңгелек үстел отырысының қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті ұсынымдар жіберілді.

 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі