Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
28.04.2017

Мәжіліс депутаттары Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі бойынша халықаралық семинарға қатысуда


                Астана, 28 сәуір, Мәжіліс Үйі. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Галина Баймаханова мен Ирина Смирнова жұмыс сапармен Санкт-Петербор қаласында.

                Онда депутаттар Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі бойынша халықаралық семинардың жұмысына қатысуда.

                Орталық Азия  елдерінен қатысушылар үшін форум 27-29 сәуір аралығында ұйымдастырылған.

                Семинар бастаушысы – Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропа Экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) қаржылық және ұйымдық қолдауымен Экологиялық, технологиялық және атомдық қадағалау Федералдық қызметі (Ростехнадзор).

 

                (Ақпаратты Мәжіліс Баспасөз қызметі таратты, Мөлдір Мұса - 24-38-22.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі