Астана, 28 сәуір, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған депутаттық делегациясы Брюссель қаласында (Бельгия Корольдігі) «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің 14-ші отырысының жұмысына қатысуда.
Отырыста Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастардың өзекті аспектілері бойынша пікір алмасу жоспарлануда.
Жұмыс сапар барысында Қазақстан Парламенті делегациясының Еуропалық Парламент вице-президенті Р.Чарнецкий мен, Бельгия Федералдық Парламентінің сенаторы Пол Ван Ден Дришпен кездесулері жоспарланған.
Делегация мүшелері - Б.Әйтімова, А.Қожахметов, А.Күзеков, Е.Никитинская, Т.Сыздықов.
(Мөлдір Мұса - 24-38-22. Ақпаратты Мәжіліс Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі