Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
23.05.2017

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі – ҰҚШҰ ПА: Орталық Азиядағы парламентаралық өзара іс-қимыл


Астана, 23 мамыр, Мәжіліс Үйі. Бейсенбі, 25 мамырда, Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ұйымдастыруымен «Орталық Азиядағы ынтымақтастық пен өңірлік қауіпсіздікті заңнамалық қамтамасыз етудегі парламенттердің рөлі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел отырысы өтеді.

                Форум аясында ҰҚШҰ Ауғанстан және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясына мүше-мемлекеттер парламенттерінің өкілдері, сондай-ақ, халықаралық сарапшылар парламентаралық өзара іс-қимылды нығайтудың және қарым-қатынасты тереңдетудің өзекті сұрақтарын талқылайды.

                Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігі аясында аталған форумның күн тәртібі біздің еліміздің басым бағыттарының бірі және дөңгелек үстелді Астанада  өткізу ҰҚШҰ ПА-ның 2017 жылға арналған шаралар жоспарына енгізілген.

                Маңызды шара 25 мамырда, сағат 10:00-де Риксос Президент қонақүйінде («Жерұйық» залы) басталады.

                Журналистерді тіркеуді  Парламент Мәжілісінің Баспасөз қызметі жүргізеді: 74-63-05, smimazh@parlam.kz.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-02)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі