Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
24.05.2017

Мәжіліс комитеті Оралда көшпелі отырыс өткізеді


Астана, 24 мамыр.Мәжіліс Үйі.

2017 жылғы 25-27 мамыр Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті Батыс Қазақстан облысында көшпелі отырыс өткізеді.

 

Көшпелі отырыстың қорытындысы бойынша 2017 жылғы  26 мамырда Орал қаласының «Достық» үйінде облыс әкімі  А.С. Көлгіновтің,  Батыс Қазақстан облысының жұртшылығы мен кәсіпкерлері өкілдерінің, сондай-ақ ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасы Инжинирингілік компаниялар одағы, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ өкілдерінің қатысуымен Комитеттің кеңейтілген отырысы өткізіледі.

Отырысты Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сабильянов Нұртай Салихұлы жүргізеді. Сондай-ақ ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Р.В.Скляр сәулет-құрылыс қызметі және сумен жабдықтау саласындағы бақылау және қадағалау жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері жөнінде баяндама жасап, Комитеттің көшпелі отырысының тақырыбы бойынша мемлекеттік орталық және жергілікті органдардың, кәсіпкерлік орталардың өкілдері сөз сөйлемекші.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі