Астана, 26 мамыр, Мәжіліс Үйі.
Дүйсенбі күні, 29 мамырда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде сағат 10-00-де «Нотариат және адвокатура институттарын одан әрі дамыту және реформалау» тақырыбында Үкімет сағаты болады.
Негізгі баяндаманы Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев жасап, қосымша баяндаманы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров ұсынбақ.
Үкімет сағатына парламентшілерден басқа, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, әділет, қаржы, ұлттық экономика министрліктері мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ нотариат және адвокат қоғамдастықтарының, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысады.
(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі