Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
31.05.2017

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының іске асырылу барысы туралы дөңгелек үстел


Астана, 31 мамыр. Мәжіліс Үйі.

 

Ертең, 1 маусым күні Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаевтың жетекшілігінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 94, 95 және 96-қадамдарын орындау шеңберінде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының іске асырылу барысы туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі.

 

Шарада ЕҚЫҰ, Еуропалық Одақ сарапшылары мен мемлекеттік орган өкілдері сөз алады.

 

Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі ғимаратының конференц-залында сағат 11-00-де өтеді.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі