Астана, 5 шілде, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Бақытбек Смағұл, Зауреш Аманжолова және Бақытгүл Хаменова Сыр еліне жұмыс сапармен келді.
Депутаттар Қызылорда қаласындағы «Жан – Арай» агроиндустриалдық комплексі, «Атамекен» балалар ауылының жұмысымен танысты. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласындағы объектілерге барып, жұмысты дамыту бойынша мәселелерді талқылады.
Кездесу барысында мәжілісмендер сайлаушыларға Парламенттің екінші сессиясы бойынша атқарылған жұмыстар жайында баяндап, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының орындалу барысынан хабардар етті.
Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы да басты тақырыптар қатарынан табылды.
Халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы, білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік сатып алу заңдарына өзерістер енгізу мәселелері де назардан тыс қалмады.
Депутаттар іс сапар барысында тек облыс, қала орталықтарының ғана емес, сонымен бірге, алыс ауылдардың, шет жақтағы елді мекендердің, Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының, Байқоңыр қаласының тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізіді.
(Ақпаратты
ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз
қызметі таратты – 74-63-04)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі