Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
06.09.2017

Н. Нығматулин: депутаттар жұмысы одан әрі де ашық талқылау алаңында өтетін болады


Астана, 6 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Мәжілістің пленарлық отырысында Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин үшінші сессияның ашылуында Президенттің депутаттық корпусқа қойған міндеттеріне баса назар аударды.

Барлық айтылған міндеттерді орындау үшін,  сондай-ақ, Мемлекет басшысының стратегиялық курсын заңнамалық қолдауды қамтамасыз етуде бізге Үкіметтен ұсынылған, сондай-ақ, өзіміздің әріптес-депутаттардың бастамасымен әзірленетін заң жобаларымен жұмысты жүйелі және сапалы түрде жалғастыруымыз қажет, - деді Н. Нығматулин.

Осыған орай, Палата Төрағасы Мәжіліске енгізілген «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018-2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы», Кедендік реттеу туралы Кодексінің жобаларына тоқталды.

Кодекс жобасымен жұмыс істегенде біз Елбасының басымдығын басшылыққа алуымыз керек. Ол кедендік рәсімдерді қысқарту, «бір терезе» әдісін қолдану, электрондық декларация жүйесін дамыту негізінде сұралатын құжаттардың санын қысқарту туралы.

Мәжіліс Спикерінің айтуынша, жақын арада жоспарлы түрде Үкіметтен түсетін Салық туралы басқа да міндетті төлемдер бойынша Кодекс жобасымен жұмыста осындай әдісті басшылыққа алу қажет.

Сонымен қоса, Мәжіліс Төрағасы заң жобаларымен жұмыста әдеттегідей ашық талқылау алаңында өтетініне сенім білдірді.

-Біздің алдымызда көлемді заң шығармашылық жұмыстар тұр. Өткен сессиядағыдай дәстүрімізге сәйкес аталған жұмыстар мемлекеттік органдар, сарапшылық қауымдастық, азаматтық қоғам институттарының өкілдерін кеңінен тарта отырып, ашық пікір-талас алаңында және осының барлығы бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түрде жариялаумен өтетін болады. Қабылданған заңдар барынша бәсекеге қабілетті, прагматикалық және ең жоғарғы стандарттарға жауап бере алатын, яғни еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бізден талап ететін нақ осындай тәсілдерді біз сессиядағы жұмысымызда басшылыққа алатын боламыз – деді Н. Нығматулин. 

 

(Ақпаратты Мәжілістің Баспасөз қызметі таратты, 74-63-01)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі