Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
06.09.2017

Палата өзінің ашық жұмысын жалғастырады


Астана, 6 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен үшінші сессиядағы Мәжілістің алғашқы жалпы отырысы өтті. 

Күн тәртібіндегі мәселелерге кіріспес бұрын, Н. Нығматулин сессияның ашылуында депутаттық корпустың назарын Қазақстан Президенті белгілеген тапсырмаларға аударды.

- Барлық айтылған міндеттерді орындау үшін,  сондай-ақ, Мемлекет басшысының стратегиялық бағытын заңнамалық қолдауды қамтамасыз етуде бізге Үкіметтен ұсынылған, өзіміздің әріптес-депутаттардың бастамасымен әзірленетін заң жобаларымен жұмысты жүйелі және сапалы түрде жалғастыруымыз қажет, - деді Н. Нығматулин.

Мысалға айтатын болсақ, Мәжіліске келіп түскен кедендік реттеу туралы Кодекс жобасымен жұмыс істегенде біз Елбасының тапсырмаларын басшылыққа алуымыз керек. Ол кедендік рәсімдерді оңтайландыру, «бір терезе» әдісін қолдану, электрондық декларация жүйесін дамыту негізінде қажетті құжаттар санының қысқартылуы –деп, Палата Төрағасы жете тоқталды.

Мәжіліс Спикерінің айтуынша, жақын арада жоспарлы түрде Үкіметтен түсетін Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша Кодекс жобасымен жұмыста осындай әдісті басшылыққа алу қажет.

Сонымен қоса, Мәжіліс Төрағасы депутаттардың заң жобаларымен жұмысы әдеттегідей ашық талқылау алаңында өтетініне сенім білдірді.

- Біздің алдымызда көлемді заң шығармашылық жұмыстар тұр. Өткен сессиядағыдай дәстүрімізге сәйкес аталған жұмыстар сарапшылар  қауымдастығы, азаматтық қоғам институттарының өкілдерін кеңінен тарта отырып, ашық пікір-талас алаңында және осының барлығы бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түрде жариялаумен өтетін болады. Қабылданған заңдар барынша бәсекеге қабілетті, прагматикалық және ең жоғарғы стандарттарға жауап бере алатын, яғни еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бізден талап ететін нақ осындай тәсілдерді сессиядағы жұмысымызда басшылыққа алатын боламыз – деді Н. Нығматулин. 

Осыған орай, бүгін жалпы отырыстың күн тәртібі жаңа заңнамалық міндеттерді ескере отырып талқыланды.

Бүгін Мәжіліс депутаттары жұмысқа кіріскен жаңа заң жобаларының арасында «2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018 - 2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» негізгі қаржы құжаттары бар. Осы қатарда бюджеттік заңнаманы жетілдіруге қатысты, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің жобасы мен ілеспе түзетулері бар.

Сонымен бірге Мәжіліс бүгін тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша жаңа заң жобасы, әкімшілік құқықбұзушылық, есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымын бақылау туралы түзетулер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс жобаларын жұмысқа алды. 

Ратификацияланатын актілердің ішінде: Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шарты мен 1996 жылғы 9 желтоқсандағы Нью-Делиде жасалған Қазақстан мен Үндістан арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау туралы Конвенция мен Хаттамаға түзетулер. 

Мәжіліске келіп түскен заң жобаларының қатарында «Ұстап беру туралы конвенцияны ратификациялау туралы» және  Қазақстан  мен Сауд Арабиясы арасындағы ұстап беру туралы Келісімді ратификациялау актілері. 

Бүгін депутаттар талқылағаннан кейін Қазақстан мен Сербия арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы Шартты ратификациялау туралы жобалары мақұлданды.

Осы күні Палата алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың үшінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарын бекітті.

Жалпы отырыс соңында халық қалаулылары бірнеше депутаттық сауалдар жолдады. Олар А.Бектұрғанов, Д.Еспаева, М.Қазбекова, А.Платонов, А.Перуашев.

 

(Эльмира Башеева, ақпаратты Парламент Мәжілісінің Баспасөз қызметі таратты, 74-63-01)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі