Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
08.09.2017

Мәжіліс бюросы Палатаның жалпы отырысында талқыланатын мәселелерді айқындады


Астана, 8 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілісте Бюро отырысы өтті. Онда жалпы отырыста талқыланатын мәселелер айқындалды.

Күн тәртібінің жобасына  «Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасына заңнамалық түзетулер енгізу үшін депутаттар қарауына ұсынылды.   

                Палата талқылауына ратификацияланатын заң жобасы - Қару саудасы туралы шарты енгізілетін болады.

Сонымен қатар, күн тәртібінде Палатаға салалық комитеттер бойынша қорытындыларын дайындау мерзімін анықтайтын заң жобалары ұсынылады. Ратификацияланатын актілер қатарына: Қазақстан мен Грузия арасындағы Қазақстан Үкіметінің Грузия Үкіметіне берген мемлекеттік кредиттері бойынша Грузия Үкіметінің берешегін қайтадан қайта құрылымдау туралы келісім.

Осы ретте Қазақстан мен Әзербайжан Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы,  Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы № 2967-KAZ Қарыз туралы келісімге (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 2 Дәліз инвестициялық бағдарламасы [Маңғыстау облысындағы учаскелер] – 2-жоба) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы келісім-хаты бар.

Бұдан басқа, Бюро отырысында парламенттік тыңдауда көтерілетін елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Шығыс Қазақстан облысында 2017 жылғы 27-30 қыркүйек аралығында көшпелі отырысын өткізу туралы өзекті мәселелер қаралды.

 

 

(Ақпаратты Мәжілістің баспасөз қызметі74-63-01)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі