Астана, 11 қыркүйек, Мәжіліс Үйі. Сейсенбі, 12 қыркүйекте, Мәжілісте Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын, осы жылдарға Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы және бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын таныстырады.
Депутаттар алдында Қаржы министрі Бахыт Сұлтанов пен Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндама жасайды деп күтілуде.
Жұмыс тобының жетекшілік ететін депуттар – Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшелелері Сергей Симонов пен Омархан Өксікбаев.
Таныстырылым Мәжіліс ғимаратында сағат 16-00-де, конференц-залда өтеді.
(74-63-01, Эльмира Башеева, фото Сайлау Майлыбаев, ақпаратты
Мәжілістің Баспасөз қызметі таратты).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі