Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
13.09.2017

Мәжіліс ратификациялық заң жобаларын жұмысқа қабылдады


Астана, 13 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Отырыста бірқатар заңжобалары мақұлданды.

 Мәселен, «Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасы тұтастай мақұлданып, Сенат қарауына жіберілді.  

Осы ретте, еліміздің Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкіне мүшелiгiн заңнамалық тұрғыдан реттеу көзделуде. Аталған банк Азиядағы инфрақұрылымды қаржылық қолдауды қамтамасыз етуге шақыратын және  инвестициялау жолымен басқа да өндірістік секторлар арқылы өңірлік интеграция деңгейін көтеретін халықаралық қаржы институты болып табылады.

Мәжіліспен мақұлданған түзетулер халықаралық ұйымдармен қатынас жасасуға уәкілетті мемлекеттік органдарды бекіту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға мүшелігіне байланысты қаржылық өзара қатынастарын реттеуге бағытталған.   

                Жалпы отырыста халық қалаулылары сондай-ақ, «Қару саудасы туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Шарттың  мақсаты – кәдімгі қару-жарақтың заңсыз саудасын болғызбау мен жоюға және заңсыз қайта бағытталуын болғызбау.  

Отырыс барысында Мәжіліс ратификациялық заң жобалары бойынша бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімдерін белгіледі.  

Олардың қатарында: Грузиямен  Қазақстан Үкіметінің Грузия Үкіметіне берген мемлекеттік кредиттері бойынша Грузия Үкіметінің берешегін қайтадан қайта құрылымдау туралы, Әзербайжанмен Халықаралық автомобиль қатынасы туралы үкіметаралық келісімдерді, сонымен қатар,   Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы № 2967-KAZ Қарыз туралы келісімге (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 2 Дәліз инвестициялық бағдарламасы (Маңғыстау облысындағы учаскелер] – 2-жоба) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы келісім-хаты бар.

   Жалпы отырыс соңында халық қалаулылары бірнеше депутаттық сауалдар жолдады. Олар А. Жамалов,  Т. Сыздықов, К.Абсатиров, Д. Еспаева, С. Қаныбеков, И. Клименко,  З. Аманжолова, А. Қоңыров, В. Косарев, Е. Барлыбаев.

 

(74-63-01, Эльмира Башеева, ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты,).

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі