Астана, 15 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтіп, Палатаның жалпы отырысында талқыланатын мәселелер қатары айқындалды.
Күн тәртібінің жобасына депутаттардың назарына ратификацияланатын заң жобаларын қарау ұсынылды.
Олар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы Үкімет аралық келісімге түзетулер енгізу. Жаңа енгізілім екі ел арасындағы жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыру үшін құқықтық негізді құруға бағытталады, сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық дамуды қарқындатып, іскерлік байланысты тереңдете түспек.
Осы қатарда Қазақстан мен Норвегия арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы Үкімет аралық келісім де бар.
Күн тәртібінде Палатаға бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімдерін белгілеу бойынша заң жобалары ұсынылды.
Олардың қатарына Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы, сондай-ақ Қазақстанның Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы арасындағы штаб-пәтер туралы келісімдерге түзету енгізу бар.
Бұдан басқа, Бюро отырысында 2017 жылғы 21 – 22 қыркүйек аралығында Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысында көшпелі отырысын өткізу туралы мәселелер де қаралды.
(Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-01)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі