Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
15.09.2017

Мәжілісте Діни қызмет, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл және жастар саясаты саласындағы жағдай мен өзекті міндеттер туралы үкімет сағаты өтеді


Астана, 14 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Дүйсенбі, 18 қыркүйекте, Мәжілісте «Діни қызмет, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл және жастар саясаты саласындағы жағдай мен өзекті міндеттер туралы» тақырыпта үкімет сағаты өтеді.

Баяндамашы: Дін істері және азаматтық қоғам министрі - Нұрлан Ермекбаев.

Үкімет сағаты Мәжілістің жалпы отырыс залында сағат 10.00-де басталады.

Үкімет сағаты шеңберінде Мәжілістің жалпы отырыс залының фойесінде көрме ұйымдастырылады.

 

 

(74-63-01, Ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі