Астана, 15 қыркүйек, Мәжіліс үйі. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» үкіметтік заң жобасының таныстырылымы дүйсенбі, 18 қыркүйекте, Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында ұйымдастырылады.
Парламент депутаты Абай Тасболатов жетекшілік ететін жұмыс тобы шеңберінде заң жобасы туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Әбілқайыр Сқақов баяндайды.
Ұсынылған түзетулер Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерін тұрғын үймен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Заң жобасының таныстырылымы Мәжілістің Конференц-залында сағат 16.00-де басталады.
(74-63-01, Эльмира Башеева, Ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі