Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
16.09.2017

Мәжіліс депутаттары жалпықалалық сенбілікке шықты


Астана, 16 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс депуттаттары Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің бастамасымен жалпықалалық сенбілікке шықты.

Халық қалаулылары елордамыздағы жаңа үлкен көшелердің бірінде 100-ге жуық  көшет ағаштарын екті. Қаланы көгалдандыруға шифердия, шаған сияқты жаңа көшеттер әкелініп отырғызылды.

Сенбілікке «Нұр Отан», «Ақ жол», ҚКХП және Қазақстан халқы ассамблеясының атынан сайланған депутаттар мен Мәжіліс аппаратының қызметкерлері қатысты.

 

 (74-63-01, Ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі