Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
20.09.2017

Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің көшпелі отырысы өтеді


Астана, 20 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Ағымдағы жылы 21-22 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында жер заңнамасының өзекті мәселелеріне арналған Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің көшпелі отырысы өтеді.   

Кездесуге Мәжіліс депутаттарымен бірге Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстары мәслихаттары мен әкімдіктерінің өкілдері қатысады.

Сондай-ақ, кездесуге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шақырылып отыр.

Шара С.Мұқанов атындағы кітапхана ғимаратында сағат 15-00-де басталады (ҚР Конституция көшесі, үшінші қабат).

Анықтама үшін: СҚО - Жалғас Сүлейменов - 87022953829, Дариға Кәрімова – 8 7017735815.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметімен  – 746303, сурет Интернет желісінен алынды)     


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі